Ауада аздап аяз бар
Ауада аздап аяз бар,
Аспанда аздап тұман бар.
Тарқады таңғы сәл ызғар,
Тоқтады түсте қылау қар.
Қона алмай тұлдыр бұтаққа
Ауада тұрды ақ қылау.
Қылау-ақ болсын, бірақ та
Қона алмағаны-ай… қап мынау?!
02.01.1982 ж.
Ауада аздап аяз бар,
Аспанда аздап тұман бар.
Тарқады таңғы сәл ызғар,
Тоқтады түсте қылау қар.
Қона алмай тұлдыр бұтаққа
Ауада тұрды ақ қылау.
Қылау-ақ болсын, бірақ та
Қона алмағаны-ай… қап мынау?!
02.01.1982 ж.