Бастаңғы
Үдере бір үргенде жел еселеп,
Жаяу жолда жал тұрса сере-сере.
Барар едім омбылап, көрші ауылда
Бастаңғыға шақырған жеңешеме.
Қыштан салған қызыл үй – құм арасы,
Қоңыр түтін – тынышық мұнарасы.
Сыңайымыз, сөзіміз сыналасып
Салса жеңгем қазанға сыбағасын.
Көрпешеге көсіліп жата кетсем,
Бойкүйез деп білген соң сынамасын.
Құм ішінде қыстау көп жалғыз-жарым,
Жалғыз үйге сан рет жалғыз бардым.
Бастаңғысы бойды бір көтеретін
Жалғыз қалған жеңге мен балдыздардың.
22.11.69 ж.